Қазақстанда балаларға да вакцинация құжаты беріледі

Бұл туралы Нұр-Сұлтанның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Вакцина алған соң жасөспірімдерге де вакцинация құжаты жасалады. Электрон вакцинация құжатын eGov mobile мобайл қолданбасынан жүктеп алуға болады. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация туралы QR-коды бар қағазға шығарылған анықтаманы тұрғылықты мекен-жай бойынша медициналық ұйымнан алу қажет, — делінген хабарламада.

Бүгін Нұр-Сұлтанға «Комирнати» (Pfizer) вакцинациясының алғашқы 35 100 дозасы жеткізілді.

Вакцинациялау бірінші кезекте медицина мекемелерінде, одан кейін мектептер мен жоғары оқу орындарында жүргізіледі.