Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Талдықорғанға Pfizer вакцинасының 46 800 дозасы жеткізілді

Фото: Ria.ru

Жалпы Алматы облысында екпе алуға жататын 147 мың оқушы мен 34 мыңға жуық жүкті, және емізулі баласы бар 44 300 әйел тіркелген. Балаларға вакцина тек ата-аналарының жазбаша рұқсатымен салынады.

Облыс орталығына арнайы термоқораптармен жеткізілген вакцина -90 градусқа дейін мұздататын тоңазытқыштарға салынды. Ол жерден білім шаңырақтарына және емханаларға тең таратылады.

Ал білім беру ұйымдары мен медициналық ұйымдардың егу пунктерінде плюс 2-8°C температурада 31 күнге дейін сақталады.

Облыста бізде 760 мектеп бар. Барлық мектептерде медициналық пунктер, ішінде алғашқы кабинеттер бар. Сол жерде жұмыс жасайтын медициналық қызметкерлерге арнайы оқулар өткізілді, – деді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләйлә Серікбаева.

Мақалаға реакция