12 қарашада балаларға Pfizer вакцинасы салынады

Бұл туралы Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова хабарлады.

Әсел Қалықованың айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған Pfizer вакцинасы елге жеткізілді. Бүгінде емханаларға бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мегаполисте Pfizer вакцинасы балаларға ертеңнен бастап салынады.

Аталған вакцина үш категорияға бөлінген. Ол 12 – 18 жасқа дейін балаларға, жүкті әйелдерге ( 16-30 апта) және бала емізетін аналарға ғана салынады. Әзірге, халықтың басқа тобына бұл вакцина егілмейді, – дейді Әсел Қалықова.

Ол Pfizer вакцинасының бір құтысы алты адамға арналғанын атап өтті. Еске салайық, Алматыға 46 800 доза бөлінді. Мұнда бірінші және екінші компонент бар. Вакциналау 21-28 күн аралығында жүргізіледі.