Еліміздегі 148 елді мекен ауызсумен қамтылады

Елімізде жалпы 6 316 ауыл бар. Соның ішінде 3 991 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау желісімен қамтамасыз етілсе, 403 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған. Қамтылмаған 1 922 ауылдың 793-іне орталықтандырылған сумен жабдықтау желісін салуды жалғастыру жоспарланып отыр. Ал 1 129 ауылда су тазалау дербес желісі орнатылады. Биыл 148 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықтау желісімен қамтамасыз етіледі және тұрғындары аз 220 ауылда кешенді блок-модульдер іске қосылады, − деді ол Мәжілістегі дөңгелек үстел барысында.

Министрлік өкілінің дерегінше, 2021-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 181 миллиард теңге қолдау тапқан. Бұл қаражат 284 елді мекенді орталықтандырылған сумен жабдықтау желісімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұған қоса, 20,6 мың тұрғыны бар 56 ауылда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі желісі арқылы ауылішілік сумен жабдықтау желісін салу жалғасады. Қаражатты тиімді жұмсау мақсатында 200-ден аз адам тұратын 1 129 ауылда су тазалау желісі орнатылады, − деді Қайырбек Өскенбаев.