Өткен 10 ай қорытындысы бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 7,6% өсіп, құрылыс секторы жоғары қарқынын сақтауда. Көрсеткіштің оң өсімі 16 өңір бойынша тіркелген, — деді Әсет Ерғалиев.
Ведомство басшысы Әсет Ерғалиевтің айтуынша, құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсуі Маңғыстау және Ақмола облыстарында, сонымен бірге Алматыда байқалып отыр.
Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жалпы алғанда оң динамика сақталып отыр. Жыл басынан бері 11,6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 7,9%-ке тең. Оң динамика 15 өңірде тіркелді, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында және Шымкентте байқалып отыр, — деді ол.
