Головкин мен Сондерстің жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

«Билли Джо Сондерстің Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жегі жазда Қазақстанда өтеді деп жоспарланды»,-деп жазылған хабарламада.

Одан бір твиттер қолданушысы GGG әлі Дэниель Джейкобспен кездеспей тұрып, неге Сондерспен өтетін кездесу туралы айтылып жатқанын сұрады. Оған: «Менің ойымша, ол [Сондерс] Головкин-Джейкобс кездесуінің жеңімпазымен кездеседі. Бірақ Билли Джо барлық шарттарды (ақша, өткізу орыны, т.б.) келісіп қойды»,-деген жауап алды.

Егер сыбыс рас болса, кездесу Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017көрмесінде болуы мүмкін.

Дереккөзsports.kz