Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды

Нұрлыбай Аққұлов денсаулығына байланысты жұмыстан кетуге шешім қабылдаған. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев оның атқарған еңбегіне алғыс білдіріп, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі, – деп жазды Маңғыстау әкімдігінің баспасөз қызметі Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетейік, 2019 жылы әкімнің орынбасары болып Серікбай Трұмов облыс әкімшілігін басқарғаннан кейін екі аптадан соң өңірдің бұрынғы басшысы тағайындалған еді. Осылайша, Серікбай Трұмов қыркүйек айының басында қызметінен босатылып, Сенат депутаты болып тағайындалды.