Қостанайда шенеуніктер қызметтік көліктерінің нөмірін ауыстырып мінген

Осыған байланысты аудандық полиция бөлімі бастығының әрекетіне байланысты облыстық полиция департаменті ішкі тексеріс жүргізіпті.

Қостанай облысы Полиция департаменті Кадр жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Қуаныш Дүйсебаев мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексін бұзғаны үшін Сарыкөл аудандық полиция қызметкерлері қатаң тәртіптік жазаға тартылғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар жүргізушіні әкімшілік жауапқа тартып, процессуалды шешім қабылдау үшін осы іске қатысты материалдар жергілікті полиция басқармасына жіберілді. Осыдан кейін Сарыкөл аудандық полиция бөлімінің бастығы өзін қызметінен босату туралы рапорт жазады.

Белгілі болғандай, олар осылайша қызметтік көлікті жеке шаруасына пайдаланған. Аудан прокуроры мен полиция бастығының бұл әрекеті алдымен көшедегі камераға түсіп қалған. Кейін ол әлеуметтік желіге тарап кеткен. Облыс прокуроры осы оқиға бойынша қызметтік тергеу жүріп жатқанын айтумен шектелді.