Коронавирус пен пневмониядан тағы 32 адам қайтыс болды

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, коронавирустан 29, пневмониядан 3 науқас қайтыс болды.

10 қарашадағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясынан 38 380 адам (33 157+ және 5 223 КВИ-), олардың ішінде 7 055 науқас стационарда, 31 325 науқас амбулатория деңгейінде емделіп жатыр, – делінген министрліктің хабарламасында.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 505 адамның жағдайы ауыр;
  • 147 науқастың жағдайы өте ауыр;
  • 147 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Иллюстрация: @DenMinPR

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі күннен-күнге саны азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 128 адамнан коронавирус анықталды.