Берік Уәли: Маған және баспасөз қызметіне президенттің көңілі толмаған кезі болды

Жұмыс барысында әртүрлі кемшіліктерге байланысты президенттің баспасөз хатшысы ретінде маған және жалпы баспасөз қызметінің жұмысына көңілі толмай, бірнеше рет телефон шалған кезі болды. Бірақ, мемлекет басшысы істің анық-қанығын түсіндіруге әрдайым мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды. Менде Қасым-Жомарт Кемелұлына тікелей телефон шалуға мүмкіндік бар және ол кісі әрқашан да менің қоңырауыма жауап қатады. Тәуліктің қай мезгілі екеніне қарамастан, президент менің барлық қоңырауыма жауап қатады. Мемлекет басшысы ауызша да, жазбаша да тікелей тапсырма береді. Көбіне смартфон арқылы тапсырма аламын, — деді ол Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында.

Берік Уәли сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігіндегі  қызметкерлердің және баспасөз хатшысының жеке өміріне араласпайтынын және оны қадағаламайтынын айтты.

Қасым-Жомарт Кемелұлы аппарат қызметкерлерінің жеке өміріне қатысты әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектеседі.  Одан басқаға араласпайды, — деді президенттің баспасөз хатшысы.