Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон ел чемпионатына қатыспайды

Ұлттық құраманың көшбасшысы атануға үмітті спортшылардың басым көпшілігі сынға түсетін ішкі чемпионатқа Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон қатыспайды.

Бапкерлер штабы ақылдаса келе, аталған Олимпиада ойындарынан кейін аттары аталған спортшыларға демалыс бергенді жөн көрген.

Ел чемпионатының қорытындысы ұлттық құраманы жасақтағанда ескеріледі. Сонымен бірге осы жарыс кезінде ұлттық құраманың жаңа бас бапкері таныстырылады деп жоспарланып отыр.