Мұхаметғали Арыспаев мәселенің талқыланғанын нақтылады.
Қараша айында тек «жасыл» мәртебесі бар азаматтарды ғана сауда ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға, мейрамханаларға кіргізу жоспарлануда. «Көк» мәртебенің иелері оларға кіре алмайды. Себебі «көк» мәртебесі бар адамдар – медотводы бар адамдар (1%), қалған 99%-ыжай ғана егілмеген адамдар, – деп мәлімдеді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, облыста вакциналау баяу қарқынмен жүруде.
Жұмыс істемейтін және өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдар вакцина үшін емханаларға келмейді. Қазір қаулы дайындап жатырмыз және жақын арада оны БҚО әкімдігі жанындағы жедел штабта келісетін боламыз. Екінші мәселе – ата-аналар мектепке дейінгі балалар мекемелеріне тек «жасыл» мәртебемен кіре алады, – деп түйіндеді дәрігер.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында «жасыл» аймақта орналасқан.