Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Жезқазғанда ауруханадағы өрттен науқас қаза тапты

Фото: Gov.kz

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт аурухананың төртінші қабатында палаталардың бірінде пайда болған. Өрт аумағы 10 шаршы метрге жеткен.

Оқиға орнында 1961 жылы туған науқастың денесі табылды. Қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда аурухана штаттық режимде жұмыс істейді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы қайтыс болған науқастың туыстары мен жақындарына көңіл айтады, — деп атап өтті ведомствода.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті де жағдайға түсінік берді. Ведомствода өрт туралы хабарлама 3 қарашада сағат 11.58-де келіп түскенін айтты. Оқиға орнына 24 адам және 7 техника жіберілген.

Палатадағы төртінші қабатта 10 шаршы метр алаңда өрт шықты. Оқиға орнында 1961 жылы туған ер адам табылды. Жедел қабылданған шаралар нәтижесінде өрт 12:21-де сөндірілді. Өрттің себебі мен оның мән-жайы анықталып жатыр, — деп толықтырды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.