Қазақстан мен БАӘ арасында әуе рейстерінің саны артады

Бұл жөнінде ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылғы желтоқсаннан бастап Fly Arystan әуе компаниясы («Эйр Астана» АҚ компаниялар тобы) Ақтау – Дубай және Шымкент – Шарджа бағыттарында 2 рейстен орындауды жоспарлап отыр, – делінген хабарламада.

Рейстер санын арттыру екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, сонымен бірге туризмді дамытуға ықпал етеді.