Елімізде коронавирустың таралуы бойынша тағы бір өңір «жасыл» аймаққа өтті

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 3 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиология ахуалын бағалау матрицасын жариялады.

«Қызыл» аймақта  Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.

Нұр-Сұлтан мен Алматы, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта орналасқан.

Ал «жасыл» аймақта Шымкент пен Ақтөбе, Атырау, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары тұр.

Матрица

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 1 312 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.