Нұр-Сұлтан полициясы көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Ауа райы қолайсыздығы мен жауын-шашынға байланысты Нұр-Сұлтанның полиция департаменті жүргізушілерге қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты, маневр жасау ережелері мен жолдағы аралықты мүлтіксіз сақтауға шақырады, — делінген ресми хабарламада.

Осы орайда тәртіп сақшылары дымқыл асфальт ең қауіпті екенін еске салды. Ол түнгі уақытта көктайғаққа айналады. Ондайда көлікті бірден тоқтату мүмкін емес. Осыған байланысты елордалық полицейлер автокөлік иелеріне жазғы шиналарды қысқысына ауыстыруға кеңес беріп отыр.

Ал жаяу жүргіншілерге өте мұқият болу керек. Қолайсыз ауа-райында жаяу жүргіншілер жақындап келе жатқан көлікті көрмей қалады. Осыған байланысты жүргізушілерге қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту кезінде аса сақ болуға кеңес береміз, — делінген хабарламада.