Коронавирус пен пневмониядан тағы 25 қазақстандық қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 2 қарашадағы мәліметі бойынша, 45 777 адам (40 102+ және 5 675 КВИ–) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 8 268 науқас, амбулаторияда 37 509 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 540 адамның жағдайы ауыр, 171 науқастың жағдайы өте ауыр. 110 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Иллюстрация: @DenMinPR

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі күннен-күнге саны азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 181 адамнан коронавирус анықталды.