Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 17 науқас қайтыс болды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

31 қазандағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясынан 46 875 адам (41 146 КВИ+ және 5 729 КВИ-), олардың ішінде 8 287 пациент стационарда, 38 588 науқас амбулатория деңгейінде емделіп жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 599 адамның жағдайы ауыр;
  • 152 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 99 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 939 217-ге жетті, 885 975 адам жазылып шықты.