Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Павлодарда жол апатынан мотоцикл жолаушысы қайтыс болды

Иллюстрация: Den-der.kz

«Иж» мотоциклінің 35 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен, нәтижесінде 46 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, − деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент дерегінше, полиция мотоциклді айып тұрағына қамаған. Апат фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері Павлодар облысы аумағындағы 451 жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апатынан 38 адам қаза тауып, 676 адам жарақат алды.

Мақалаға реакция