Экология вице-министрі Жайықтың тартылуының басты себебін айтты

Жалпы бүгін 6 бассейн бойынша жұмысшы топтың ісі талқыланды. Екі елдің өкілдері бұл жоспарлардың орындалу барысы мен ондағы негізгі мәселелерді талқылады. Қосымша өзгерістер енгізлуі қажет істер қозғалды. Эксперттердің мәлімдемелері тыңдалды, — деді Серік Қожаниязов.

Сонымен бірге вице-министр судың деңгейін көтеру мақсатында қандай іс-шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Жайық бойынша негізгі мәселе — климаттың өзгеруі. Жалпы, қардың, жауын-шашынның азайуы салдарынан су деңгейін төмендеген. Қазір Жайықтың шамасы бұрынғыдай емес. Бүгін көршілес екі ел осы өзеннің мәселесін жүйелі әрі шұғыл шешу үшін қажетті шараларды қабылдады. Мәселен, келер көктем кезінде су мөлшері ұлғаяды. Осы кезде проблеманы екі-жақты реттейміз,- деді ол.