Павлодар облысында 34 елді мекен ауызсумен қамтылмаған

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының дерегінше, Баянауылда 9 елді мекеннің 6-ында құрылыс әлі жүріп жатыр. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 84 млн теңге және ұлттық қордан 337 миллион теңге қаржы бөлінген. Алайда, ауданда орталықтандырылған су құбырларын тарту жұмыстарының мерзімінен тым кешеуілдеп жатқаны жайлы жарты жылдан шешімін таппай жүр.

Осыған орай мекеме басшысының орынбасары Марсель Узаков 6 жоба бойынша мәселе өте күрделі екенін атап өтті.

Мердігер фирмалардың салақтығы, тапсырыс беруші тарапынан бақылаудың болмауы осындай жағдайға әкелді. «Көлсай-строй» деген фирма бірнеше ауылдарға су тартып беруі керек еді. Қазір біз оларды сотқа бердік. Баянауыл ауданын сапалы ауыз сумен қамту мәселесі ерекше бақылауға алынды.