Коронавирус пен пневмониядан тағы 42 қазақстандық қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 26 қазандағы мәліметі бойынша, 50 548 адам (44 515 + және 6 033 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 8 860 науқас, амбулаторияда 41 688 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 612 адамның жағдайы ауыр, 157 пациенттің жағдайы өте ауыр. 102 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі күннен-күнге саны азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 353 адамнан коронавирус анықталды.

Еске салайық, 23 қазанның қорытындысы бойынша елімізде коронавирустан 20 адам қайтыс болды, ал коронавирус белгілері бар пневмониядан төрт өлім дерегі тіркелді.