Басты бетҚоғамБҚО-да жол-көлік...

БҚО-да жол-көлік оқиғасынан екі адам өртеніп кетті

Бұл туралы Батыс Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

24 қазанда күні сағат 20.00 шамасында Орал-Атырау автожолының 209-шы шақырымында, Ақжайық ауданының Ақсуат кентінен 10 шақырым жерде Лада Vesta және Лада Priora автокөліктері соқтығысты.

Соқтығысқаннан кейін екі автокөлік те өртеніп кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Лада Vesta көлігінің екі жолаушысы Ақжайық ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілді. Оқиға орнында полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеп, Лада Priora автокөлігін сөндіргеннен кейін салоннан қаза тапқан екі жолаушының денелерін алып шықты, — делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от PoliceWestKaz?? (@policebqo)

Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.