Президент Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша 24-25 қазанда Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады. Сапар барысында екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Келіссөздерде сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық серіктестігін нығайтудың перспективалары қарастырылмақ, – деп жазды Берік Уәли Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен қатар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікірлер ортаға салынады. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.