Ералы Тоғжанов вакциналауды кешіктірген басшыларға шара қолдануды тапсырды

1 қыркүйектен бері вакциналау жоспарының ең төменгі орындалуы 10-13 процент көлемінде Нұр-Сұлтан мен Маңғыстау, Қостанай облыстарында байқалып отыр. Ведомствоаралық комиссия отырыстарында өңірлерге вакцинация қарқынын жеделдету туралы бірнеше мәрте тапсырма берілген болатын. Бірақ ол тапсырма қажетті деңгейде орындалып жатқан жоқ, – деді  Ералы Тоғдажов Үкімет отырысында.

Осыған байланысты үкімет басшысының орынбасары әкімдіктердің жауапкершлігін күшейтетін нақты шараларды ұсынды.

Осыған байланысты өңір әкімдеріне вакцинацияны ұйымдастару бойынша Шығыс Қазақстан облысының үлгісімен түбегейлі шешімдер қабылдау керек деп есептейміз. Вакцинация жоспарының орындалмағаны үшін әкімдік басшыларының жеке басымен жауапты екенін бекіту қажет. Егер вакциналау бойынша оң динамика байқалмаса, осы саланы үйлестіретін әкімдердің орынбасараларына тәртіптік сипаттағы шара қолданған жөн деп есептейміз, – деді Ералы Тоғжанов.