«Қорғас» орталығында Ashyq жобасы іске қосылды

Пандемия тұсында «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы миллиард табыстан қағылды.

Орталықтың ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта Ashyq жобасы шеңберінде ашылу мәселесі пысықталды. Қазақстан аумағында орналасқан екі сауда үйін іске қосу жоспарланып отыр.

Компанияның болжамы бойынша 2021 жылы орталықтың толық ашылуы күтілмейді.

Пандемия басталып орталық жабылғанға дейін Қазақстан тарапынан орташа келушілер саны тәулігіне 3-6 мың адам болды. Ал Қытай тарапынан тәулігіне 10 мың адамға дейін жетті. 2019 жылы орталыққа 4,5 миллионға жуық адам келді. Оның ішінде Қазақстан тарапынан – 1,2 миллион адам, Қытай тарапынан – 3,2 миллион адам. Қазіргі уақытта орталық жабылғанымен, ол инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін ғана ашық, − делінген орталықтың хабарламасында.

Ұйымның дерегінше, осыған байланысты шығындар басқарушы компанияда да, орталық аумағындағы кәсіпкерлерде де өсіп жатыр.