Басты бетҚоғамРесейдің Пермь...

Ресейдің Пермь қаласы маңындағы мектепте оқ атылды

ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы дүйсенбі күні құқық қорғау органдарының дереккөзінде жазылған.

Пермь өлкесіндегі Сарс кентінде бір оқушы мектепке қару алып келген. Ол төбеге бір рет оқ атып үлгерген. Оқиға кезінде оқу орнында тек қана күзетші әйел болған, ол зардап шеккен жоқ, — делінген дереккөзде.

Мектеп оқушысы ұсталды. Оның бұл әрекетінің себебі мен оқ атылған қарудың түрі анықталып жатыр.

Бұл ақпаратты елдің ішкі істер министрлігінің бас басқармасы растаған.

Айта кетейік, осыған дейін Перьм қаласындағы университетте атыс болып, 8 адам мерт болған еді.

Осы оқиғаға қатысты Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пікір білдірді.