Қыздар университетінің ұрланған жеріне 70-ке жуық үй салынған

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылынан жер телімін алған тұрғындар баспанасынан айырылып қаламыз ба деп алаңдаушылық білдіріп отыр. Белгілі болғандай, олардың сатып алған жерлері Қазақ ұлттық педагогикалық қыздар университетіне тиесілі екен.

Кемертоған ауылының тұрғыны Асылбек Бекмұратовтың айтуынша, үйлерінің құрылысы бітіп, енді несиелерін төлейміз деп отырғанда, жердің арестте екені белгілі болған.

Сол сәттен бастап біздің жеріміз заңсыз екенін, біздің жеріміз Женпи-ге тиесілі бірақ оны қарасай ауданынан қалай сатылғаны туралы ақпараттарды біле бастадық, − дейді ол.

Қазір мұнда 3 гектарға дейін ғана жер бос жатыр. Қалғандарының барлығында 70-ке жуық баспана салынған. Тұрғындардың айтуынша, газ, жол, су секілді барлық коммуналдық жүйені өздері ақша шығарып қостырған екен.

Ал университеттің баспасөз хатшысы Жандар Асан осы іске қатысты қандай шаралап жүргізіліп жатқанын айтты.

Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округіндегі «Қазмис» өндірістік шаруашылық тәжірибие жүргізуге арналған жер телімі ауданы 9 гектарды құрайтын жер учаскесінің нақты жоғалуы бойынша бірқатар заң бұзушылықты анықтады. Сәйкесінше, университет құзырлы мекемелерге арыз түсіріп, күні кеше ғана осы университеттің бұрынғы басшылары және Қарасай ауданының осы жер мәселесіне байланысты айналысатын бірқатар лауазымды тұлғалары уақытша қамау изоляторына қамалды, – деді Жандар Асан.