«Қарасу» шағынауданында орналасқан №160 орта мектебінде мұғалімдерге жалақы төлемей жатыр. Дәлірек айтсақ, олар қыркүйек айындағы жалақыларын алған жоқ. Мектеп директоры жыл соңына дейін кешігулер болатынын айтқан, − деп жазды желі қолданушысы.
Алматы қалалық білім беру басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Бюджеттік қаражатты дұрыс жоспарламау салдарынан мұғалімдердің жалақысы кеш төленді. Бүгінгі күнге дейін мұғалімдер алдындағы қарыз толық төленді, − деп хабарлады білім басқармасынан.
