Басты бетМедицинаАлексей Цой:...

Алексей Цой: Коронавирус жұқтырған науқастарға арналған 103 нысан жабылды

Ведомство басшысының айтуынша, өңірлердегі эпидемиология ахуалының жақсаруына байланысты 25 тамыздан бастап коронавирус ауруханалары жабылып жатыр.

Өңірлердегі эпидемиология ахуалының жақсаруына байланысты 25 тамыздан бастап COVID науқастарға арналған аурухана ретінде көмекке жұмылдырылған 103 нысан (33 465 төсек-орын) жабылды. Қажет болған жағдайда, бұл орындар резервтік ретінде қайта пайдалануға беріледі, — деді Алексей Цой Facebook-парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстанда бүгінде 908 847 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Өңірлер арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан көш бастап тұр. Ауру жұқтырғандардың ең аз мөлшері Маңғыстау облысында тіркелді.