Шығыс Қазақстанға биыл Pfizer вакцинасы жеткізіледі

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде өңір жұртшылығының 78,9 проценті коронавирусқа қарсы екпенің 1-ші компонентін салдырды.

Ал халықтың 64,9 проценті вакцинаның екі компонентін толық алған. Облыста халыққа вакцина салдыру көрсеткіші бойынша Үржар (99,1%), Аягөз (99,1%) және Бесқарағай (98,9%) аудандары көш бастап тұр. Ал ең соңғы орында – Шемонаиха ауданы (66,2%).

2021 жылдың соңына дейін аймаққа Pfizer вакцинасы жеткізіледі. Алайда әзірге нақты қанша доза екені белгісіз. Бұл вакцина өте суық температурада сақталуы керек. Сондықтан екпені Өскемен мен Семейдегі Қан орталықтарының мұздатқыштарына орналастыру көзделіп отыр, – делінген басқарма хабарламасында.