Тергеу комитеті Олимпиадаға бөлінген ақшаның қайда кеткенін тексереді

Қазіргі уақытта президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Есеп комитеті Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дайындыққа бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізуде, – делінген Тергеу комитетінің хабарламасында.

Мемлекет басшысы Ұлттық құраманың қорытынды нәтижесі – сегіз қола медаль және жалпы командалық есепте 83-ші орын Қазақстанның спорттық әлеуетіне және мемлекеттің спортты дамытуға қосқан елеулі қаражатына сәйкес келмейтінін мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар сегіз қола медаль жеңіп алды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да