Каспий жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді

Департамент баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 қазанда тұтанған қамыс өртін сөндіру әлі жалғасып жатыр. Бүгін, 12 қазанда жергілікті уақытпен сағат 09:00-ге дейін тағы да 30 гектар аумақта қамыс өрті сөндірілген.

Төтенше жағдайлар департаментінен жұмылдырылған жеке құрамның күшімен 20 гектардағы өрт ошағы жойылды. Ал, 10 гектар аумақтағы жалын өздігінен сөнді. Өртенген жердің жалпы ауданы 550 гектарды құрады. Оның ішінде 450 гектарды шарпыған өрт сөндірілді, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір Каспий теңізінің жағалауындағы өртті жоюға Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 34 адам, 5 техника, 4 мотосорғыш, 1 генератор, 40 жең, 1 үрлемелі шатыр, сондай-ақ О.Көшеков атындағы Атырау аграрлық-техникалық колледжінің 1 адамы мен 1 John Deere-6135b тракторы тартылған.