Коронавирус пен пневмониядан тағы 33 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 11 қазандағы мәлімет бойынша, 53 751 адам коронавирус инфекциясынан (46 626+ және 7 125 КВИ–) емделіп жатыр, олардың ішінде 9 653 науқас стационарда, 44 098 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 696 адамның жағдайы ауыр;

• 194 науқастың жағдайы өте ауыр;

• 127 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

@DenMinPR

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1 717 адамнан коронавирус анықталды.