Қазақстан мен Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрліктері жүк транзиті мәселесін талқылады

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, тараптар екі ел арасындағы агро-өнеркәсіптік кешен саласындағы тауар айналымы мәселелерін талқылады.

Биылғы жылдың жеті айында Қазақстан мен Ресей арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 1,4 миллиард еуродан асты, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,4% артық.

Келіссөздер барысында Айдарбек Сапаров Ресей Федерациясымен шекарада жүктерді тексеру процесін жеделдетуді ұсынды. Айта кетейік, ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шекарада жүк тасымалдау мәселесін көтерген болатын.

Бұл бізге агро-өнеркәсіптік кешен өнімдерінің қазақстандық экспортын ұлғайту бөлігінде тауар айналымын өсіруге мүмкіндік береді.  Аталған шараны жүзеге асыру үшін өзара тығыз іс — қимыл жасау және жүктерді тасымалдау кезінде туындайтын проблемаларға жедел әрекет ету қажет, — деді ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров.

Ресей тарапы өз кезегінде, шекарадан өту кезінде проблемалар туындаған жағдайда жедел әрекет ету үшін экспорттаушы-кәсіпорындардың тізілімімен алмасуды ұсынды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Кездесу 2021 жылдың 5-8 қазан аралығында Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровтың жетекшілігімен Ауыл шаруашылығы министрлігі делегациясының «Алтын күз-2021» ресейлік агроөнеркәсіптік көрмесін аралау аясында өтті. Ведомство өкілдері ұсынылған әзірлемелермен, Ресейдің өңірлерінің бірқатар павильондарының өнімдерімен танысты, Ресей Федерациясы аумағындағы әлемдік агро-өнеркәсіптік кешен өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілер қатарына жататын әлеуетті инвесторлармен кездесулер өткізді.

Бұдан басқа, «Алтын күз — 2021» агроөнеркәсіптік көрмесін аралау шеңберінде ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Ресейдің ауыл шаруашылығы министрі Д. Патрушевтің, сондай-ақ «Мираторг» холдингі сияқты агробизнес өкілдерінің және т. б. қатысуымен екінші халықаралық агроөнеркәсіптік форумға қатысты.

«Алтын күз» — бұл сала мамандары үшін  ауқымды іскерлік бағдарламаны қамтитын, ресейлік ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің жетістіктерінің ауқымды көрмесі.  Биылғы жылы көрменің тақырыптық бағыттары аграрлық сектордың, ғылым мен инновацияның өзекті тақырыптары болды. Көрмеге Ресейдің өңірлері мен таяу шетелдерден көптеген экспоненттер қатысты.