Денсаулық сақтау министрлігінің 9 қазандағы мәліметі бойынша, 54 250 адам (46 918 + және 7 332 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 9 384 науқас, амбулаторияда 44 866 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 703 адамның жағдайы ауыр, 203 пациенттің жағдайы өте ауыр. 135 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 1 940 адамнан коронавирус анықталды.
