Алматыға Pfizer вакцинасы қашан жеткізіледі?

Басқарма басшысының айтуынша, Pfizer вакцинасы төртінші тоқсанда жеткізіледі деп жоспарланған.

Алматыда 20 қазаннан кейін болады дегенбіз. Алматыға әзірге 130-дан 160 мың дозаға дейін вакцина әкелу жоспарланған. Бірақ Алматы үшін әлі де квота бөлу жағынан нақтылау жүргізіліп жатыр, — деді Нариман Табынбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Ал қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин балаларға Pfizer вакцинасын алуға болатынын айтты.

Алматыға Pfizer вакцинасы әкелінсе, біз 306 мың оқушы мен студентке вакцинация жасай аламыз. Бұл иммундық қабатты арттыруға мүмкіндік береді. Ал ол өз кезегінде ауру деңгейінің төмендеуіне әсер ететіні сөзсіз, — деді Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасының 4 миллион дозасын алу туралы келісімге қол қойған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да