Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматы әкімдігі қалада коронавирус жұқтырғандар саны азайғанын айтты

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров брифингте айтты.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 152 мыңнан астам КВИ  тіркелгені атап өтілді. Оның ішінде тек 19 шілде мен 6 қазан аралығында 85 мың жағдай тіркелген.

2020 жылдың жазында және 2021 жылдың басында Ухань штамымен байланысты екі толқыннан өттік. 2021 жылдың көктемінде «альфа» штамы, 19 шілдеде «дельта» штамынан туындаған инфекцияның ең ауыр толқыны басталды. Қазір біз осы толқыннан шықтық, — деді Ержан Бабақұмаров.

Ол 29 шілдеден 25 тамызға дейін Алматыда ауру жоғары деңгейде болғанын айтты (1 500-1 600 жж.). 26 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін инфекция 423 жағдайға төмендеді.

Салыстырмалы талдау мынаны көрсетеді: егер бірінші толқын кезінде Алматыда тәулігіне ауру жұқтырғандардың саны 250 болса, екінші және үшінші толқындарда ол шамамен 400 бен 700-ге жетті, ал дельта штамы кезінде инфекция жұқтырғандар саны тәулігіне 1 600 болды, — деді әкімнің орынбасары.

Оның айтуынша, «дельта» штамы кезінде жедел жәрдем шақыртушылар саны екі есе көп болған.

Күніне төрт мыңнан аса жедел жәрдем шақыртылған. Олардың 45% коронавирус және коронавирус белгілері бар пневмонияға байланысты. коронавирустың төртінші толқыны кезінде стационарларға емдеуге жатқызу деңгейі бес еседен аса өскен, — деді Ержан Бабақұмаров.

Мақалаға реакция