Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 39 адам қайтыс болды

Фото: Workingmama.ru

Денсаулық сақтау министрлігінің 7 қазандағы мәлімет бойынша, 55 956 адам коронавирус инфекциясынан (48 352 + және 7 604 КВИ-) емделіп жатыр: олардың ішінде 9 562 пациент стационарда, 46 394 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 747 адамның жағдайы ауыр;
  • 206 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 124 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 2 063 адамнан коронавирус анықталды.

Мақалаға реакция