Турнир кестесінде қатарлас келеді. «Барыс» 13 ойыннан кейін 10 ұпаймен турнир кестесінде 20-орында тұр. Ал «Авангард» 12 ұпаймен 17-орынға жайғасқан. Кездесу тартысты өтті деуге негіз бар. Десе де, командалар алғашқы екі кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңде де ойын барысы солай өрбіп жатты. Ойынныңі бітуіне бес минут қалғанша таблодағы есеп өзгеріссіз тұрды.
Қазақстандық хоккейші Никита Михайлис 54-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Кездесуде «Барыс» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Локомотивке» жол берді. Айта кетейік, биылғы кезеңдегі 13 ойынның небәрі 4-де жеңіске жеткен еді. Енді «Барыс» 8 қазанда елордада Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасын қабылдайды.