Атырауда өрттен қаза тапқан балалардың отбасына көмек беріледі

Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылында болған қайғылы жағдайға байланысты, қаза болған бүлдіршіндердің отбасына қайғырып көңіл айтамын. Бұл – тұтас халық ауыр жағдайда қабылдап отырған қасірет. Қаза болған балалардың отбасына Атырау облысы әкімдігі тарапынан материалдық көмек көрсетілетін болады. Қазаның арты жарассын, – деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде.

Еске салайық, 2021 жылдың 5 қазанында сағат 19:27-де кезекші пультіне Махамбет ауданы Ортақшыл ауылы Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласына жиналған 22 дана бума шөп жанып жатқаны туралы хабар келіп түскен. Ал 6 қазан күні 00:02 минутта Атырау облысы Махамбет ауданында бума шөп өртеніп, 3 бала қайтыс болды.