6 қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен 7 766 146 адам вакцина салдырды, II компонентпен 6 756 266 адам, – делінген хабарламада.
Вакциналау бойынша Алматы мен Түркістан облысы көш бастап тұр. Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның бір компонентін 960 857 адам салдырған. Ал Түркістан облысында екпе алғандар саны – 906 350.
Ең төмен нәтиже Мағыстау облысында тіркеліп отыр. Өңірде 158 366 адам коронавирусқа қарсы екпенің бір компонентін салдырған.


Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1 828 адамнан коронавирус анықталды.
