Мемлекет басшысы Еуропалық Одақ делегациясымен кездесті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық аясындағы өзара іс-қимылдардың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланып, аймақтық қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы Еуропалық Одақ делегациясына еліміздегі саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы айтты.

dsc 0071 Мемлекет басшысы Еуропалық Одақ делегациясымен кездесті

Имон Гилмор Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалап, серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында байланыстарды жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақтың арнаулы өкілінің айтуынша, Қазақстан президентінің Брюссельге алдағы сапары екіжақты байланыстарды дамытуда маңызды кезең болады.

dsc 9983 2 Мемлекет басшысы Еуропалық Одақ делегациясымен кездесті

Еуропалық Одақ делегациясы БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдем беру жөніндегі Миссиясының офисін Алматыға орналастыру және ауған студенттеріне көмек көрсету туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімін ерекше атап өтіп, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты Қазақстан президентінің аймақтағы көшбасшылығын қолдады.

Имон Гилмор мен Тери Хакала Президентке ертең Алматыда өтетін «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» азаматтық форумына Брюссельдің атынан қатысатынын жеткізді.

dsc 9929 Мемлекет басшысы Еуропалық Одақ делегациясымен кездесті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да