Бүгін Нобель апталығы басталды

Нобель апталығы Швеция мен Норвегияда басталады. 4 қазанда Стокгольмдегі Нобель комитеті медицина сыйлығының жеңімпаздарын жариялайды.

Сейсенбіде физикадан, сәрсенбіде – химиядан, бейсенбіде – әдебиеттен жеңімпаздары анықталады. Экономика бойынша Альфред Нобель сыйлығының лауреаты Швеция астанасында 11 қазанда, жұма күні Норвегия астанасы Ослода бейбітшілікті насихаттағаны үшін сыйлықтың иегерін хабарлайды.

Айта кетейік, Нобель сыйлығы – жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар, мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі.