Министрлік зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына түзетулер әзірледі. Осы жаңғыртудың тағы бір маңызды бағыты – 2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің 5% міндетті зейнетақы жарнасын енгізу.
Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен өз жұмыскерлерінің пайдасына жұмыскердің табысынан міндетті 5% зейнетақы жарнасын аударады.
Мемлекет басшысы ЖБМЗЖ мақсатын шартты-жинақтаушы құрамдауышты қалыптастырудан азаматтардың жеке зейнетақы жинақтарын толықтыруға өзгерту, сонымен бірге кейіннен оларды әлеуметтік мұқтаждыққа пайдалану құқығын бере отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ЖБМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының бір бөлігімен толықтыру (салымшының таңдауы бойынша) арқылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке нысаналы шоттарды енгізу жөніндегі тәсілдерді мақұлдады.
Тұжырымдамаға түзетулер аясында еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қатысты өлім-жітімнің жекелеген коэффициенттерін пайдалану мәселесі қарастырылуда, оларды өмір бойғы зейнетақы аннуитетінің құнын есептеу кезінде қолдану жоспарланып отыр. Бұл жаңашылдық зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар үшін зейнетақы аннуитетін ресімдеу мүмкіндігін неғұрлым қолжетімді етеді, – дейді әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінің директоры Виктория Шегай.