Коронавирус пен пневмониядан 44 қазақстандық қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 3 қазандағы мәлімет бойынша, 59 458 адам коронавирус инфекциясынан (51 373+ және 8 085 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 10 147  науқас стационарда, 49 311 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 753 адамның жағдайы ауыр;
  • 227 науқастың жағдайы өте ауыр;
  • 142 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Иллюстрация: @DenMinPR

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 1 953 адамнан коронавирус анықталды.