Нұр-Сұлтанда «Астықжан» сауда орталығынан өрт шықты

Департаменттің дерегінше, бүгін сағат 09:42-де Нұр-Сұлтан Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Әл-фараби даңғылы, 28 мекенжайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарламаға шұғыл аттанған.

Өрт сөндірушілер шақыру орнына 6 минуттың ішінде келді. Олар жеткенде «Астықжан» сауда орталығының 3-қабаттындағы жиһаз салоны жанып жатқан. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір елордалық 76 өрт сөндіруші мен 19 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды, − делінген хабарламада.