Департамент мәліметінше, өрт бүгін сағат 06:15-те Байқоныс ауылындағы екі пәтерлі тұрғын үйде болған. Өрт аумағы 85 шаршы метрді құрады.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан алты қызметкер және бір өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Отағасы әйелі мен екі баласын құтқарып үлгерді. Өкінішке қарай, 2016 жылғы үлкен ұлы өрттен көз жұмды. Күйік шалған ер адам Степногор қалалық ауруханасына жатқызылды, − делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаменті өрт 07:14-те ауыздықталып, 07:46-да сөндірілгенін мәлім етті. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
