Қызылорда облысының әкімі Элизабет Тұрсынбаеваны марапаттады

Басқосуда облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдің дамуына үлесін қосып жүрген жастарды марапаттап, ықыласын білдірді. Атап айтқанда, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы Элизабет Тұрсынбаеваға табысталды.

Облыс әкімінің Алғыс хатымен Мұхтар Ниязов, Күнсұлу Түркпен, Евгений Деминенко, Сағатбек Қуанышбайұлы, Елена Пак және Әлібек Ізбасаровтар марапатталды.

Еске сала кетейік, 21 қыркүйекте қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлемнің вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева спорттағы карьерасын аяқтағанын хабарлаған еді.