Денсаулық сақтау министрлігінің 29 қыркүйектегі мәліметі бойынша, 61 356 адам коронавирус инфекциясынан (52 916+ және 8 440 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 10 343 науқас стационарда, 51 013 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 805 адамның жағдайы ауыр;
- 212 науқастың жағдайы өте ауыр;
- 135 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 2 252 адамнан коронавирусанықталды.
